2020 жылдың 20 қарашасында “Bolashaq” академиясының заң пәндері кафедрасында “С.З.Зиманов. Қазақстанның құқықтық жүйесі әдеттегі құқықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына дейін. Параллельдер мен проблемалар” дөңгелек үстелі өтті. (Skype онлайн платформасында).
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары:
Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы-заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор,
Кенжина Сәуле Әукебайқызы – заң пәндері кафедрасының доценті,
Ақбашев Рүстем Даниярқожаұлы-заң пәндері кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Отыншиева Гүлім Қожахметова-заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м.
Құқықтық және салыстырмалы зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының басшысы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрғалиев Бақыт Молдатияұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол С.З. Зимановтың жеке басы мен сіңірген еңбегі туралы айта отырып, оның Қазақстан халықтарының және Орталық Азияның басқа да республикаларының саяси тарихы, саяси-құқықтық өмірі саласындағы зерттеулері кеңес заманында ғылымға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Ақылбек Тайболатұлы С.Зимановтың ғылыми еңбектерінде посттоталитарлық кезеңде егеменді демократиялық Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен құрылуы, қазақ мемлекеті мен ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуы мәселелерін ерекше атап өтіп, көтергенін айтты.
Қызықты баяндамалармен Қазақстанның белгілі ғалымдары з.ғ. д., профессор С.К. Амандыкова, Э. Н. Рахимбаев, Х Ә. Әбішев, Ахметова Н. С., Турлаев А. В. Сыздық Б. К. Әбдіжәми А. Ж., Серікбаева С. С.сөз сөйледі.,
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша ұсыныстар шығару жоспарлануда.Салық Зимановичтің ерекше білімі оның көптеген еңбектерінде, отандық тарихтың өшпес беттерінде қалады.