2021 жылғы 17 наурызда ZOOM платформасында онлайн режимінде “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, онда заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасының оқытушысы Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы жеңімпаз атанды.

Іс – шараны ұйымдастырушы-Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов ресми құттықтау сөз сөйледі.

Министр өз сөзінде білім беру саласындағы проблемалар және оларды шешу жолдары туралы айтты.

Санитарлық карантиндік шараларды сақтай отырып, іс-шараға жеке өзі келген конкурс жеңімпаздарына куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.

Оф-лайн режимінде тапсыру рәсіміне қатыспаған конкурс жеңімпаздары үшін жеңімпаздардың куәліктері мен белгішелері жоғары оқу орындарына жеткізілді.

“Bolashaq” академиясы Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызын лайықты марапатымен құттықтайды!

Бұл оқиға БАҚ пен әлеуметтік желілерде көрініс тапты:
https://www.facebook.com/askhat.aimagambetov/posts/10218141622908317