Мен, Жолтай Айболған Қарағанды қаласы “Bolashaq” академиясының “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 4 курс студентімін. Мен өзімнің педагогикалық практикамды Саран қаласының №7 ЖББ мектеп-интернатында 30.01.2023ж бастадым. Ең алдымен мектеп басшылығымен және пән мұғалімдерімен танысып, өз жұмысыма бағыт-бағдар алдым.
Жетекшім Марал Нургабдешовна мені жылы қабылдап, өзінің сынып оқушыларымен таныстырды. Біз бірге оқушылардың жұмыстарын тексердік. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, өзінің сабақ беру үлгісін талдап өттік. Тіпті мүмкіндігі шектеулі балаларға сабақ беру үлгісімен де таныстырып өтті.
Менің практикамда ерекше қажеттілікті талап ететін 2 оқушым бар. Қатарынан қалып қоймас үшін үнемі қадағалауды талап етеді. Ол балаларға жеңіл тапсырма дайындап, бірге орындау қажет. Өздеріне жеке КТЖ құрастыру керек.


Балалар жазған мазмұндаманы тексеру барысы өте қызық өтті. Балалардың тапқырлығы мен ойлана білуіне мен риза болдым. Марал Нургабдешовна өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Өз оқушыларын көптеген олимпиадаларға дайындап жатыр екен. Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстары маған шабыт сыйлауда.
Қарағанды қаласы,
«Bolashaq» академиясының
К-19-1 тобы студенті
Жолтай Айболған