“Ғылым, білім және техникадағы инновацияларды басқару: теория, әдістеме, практика” ХҒПК-ға қатысу

2021 жылғы 31 наурызда Воронеж қаласында (Ресей Федерациясы) “Ғылым, білім және техникадағы инновацияларды басқару: теория, әдістеме, практика” Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушы – “Ғылым мен білімнің тұрақты дамуы” ғылыми-практикалық журналы (Воронеж қ.). Осы конференцияда “The Use of gaming technologies in Foreign languages lessons to stimulate active skills of primary school students” тақырыбында ДЮ-20-1С тобының студенті Жанабаев Данияр, ғылыми жетекшісі заң пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы, баяндама жасады. Қазіргі уақытта Данияр Теміртау қаласындағы “№9 Лицей” КММ-де шет тілдері мұғалімі лауазымында кәсіби қызметін жүзеге асыруда.

Конференция қорытындысы бойынша мақала ғылыми-практикалық журналда жарияланды және РҒАО базасына енгізілді. Конференцияға қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілері сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

“Bolashaq” академиясы Данияр мен Ақылбек Тайболатұлын жетістіктерімен құттықтайды және алдағы уақытта шығармашылық және ғылыми табыстар тілейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.