Республика күніне арналған концерт әдеттегідей өте жанды және жайлы атмосферада өтті. Әдемі билер, әуезді әндер көңілге қуаныш сыйласа, ұлттық костюмдер көз қуантарлық нақышта болды.


Студенттерді марапаттау
(Тілеген Кадринді “Түркі елдерінің үздік студенті” байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!).

Зинаида Гартман мен Ксения Гиберт неміс костюмдерінде Шиллерді неміс тілінде оқыды

Тәжірибелі магистранттардың жанында мың бұралған, сүйкімді бірінші курс бишілерін, жаңа жүргізушілерді көру қандай ғанибет! Ал финалда концерттің барлық қатысушылары мен көрермендердің “Атамекен” әнін бірлесіп орындауы керемет болды!

Жалпы, балалар, мереке алдындағы тамаша көңіл-күй үшін рахмет! Келесі концертті қуана күтеміз!