«Bolashaq» Академиясы «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы С.К.Мекадилова 1-курс студенттерімен «Жастардың әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: студенттерді рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру үшін жалпы мәдени құзыреттіліктерді пайдалануға, мінез-құлықтың этикалық нормаларына сәйкес оқу-тәрбие жұмысында қарым-қатынас процесін ұйымдастыруға, жеке және әлеуметтік жауапкершілігін түсінуін тереңдетуге қолдау көрсету.
Әлеуметтік жауапкершілік – жастардың қоғамның дамуына әсер ететін саналы және этикалық міндеттерді орындауы.
Студенттің әлеуметтік жауапкершілігі оның қоғамға, қоршаған ортаға және адамдарға деген көзқарасын көрсетеді.
Осы орайда білім алушылардың өмірлік құндылықтары мен әлеуметтік жауапкершілікті қалай қабылдайтынын анықтау үшін «Құндылықтар аллеясы» ойыны ойнатылды.
Әр топқа өмірде кездесетін қиын моральдық жағдаяттар берілді. Студенттер осы қиындықтардан қалай шығу керектігін талқылап, шешімдерін ұсынады, әр топтың шешімі талқыланды.
Студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі – қоғамның тұрақты дамуы үшін маңызды фактор.
Әрбір студент өз үлесін қосу арқылы болашақтың жарқын болуына ықпал ете алады.
Білімді, жауапты және белсенді азамат болайық!