2023 жылғы 24 ақпанда “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламаларының студенттері “ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЖАҺАНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ” Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына (халықаралық қатысумен) қатысты.
“Bolashaq” Академиясында студенттік және магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы мен ізденістік шығармашылық дағдыларын дамыту, студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Конкурсқа ұсынылған ғылыми жұмыстардың тақырыбы ең алдымен білім беру саласының қалыптасуы мен дамуына, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту мәселелерін шешуге арналған заманауи ғылым мен қазақстандық қоғамның дамуының өзекті мәселелерімен байланысты болды.
“Bolashaq” Академиясы” – 2023″ – студенттердің, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының қорытындысы конференцияның пленарлық отырысында айтылды.
Білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша сараптамалық комиссияның нәтижелері мынадай нәтижелерді көрсетті:
- Назарова Д. – ПиП 19-1 тобының студенті – 1 – орын (ғылыми жетекшісі п. ғ. к., доцент Никифорова)
- Перепечкина К. – ПиП 19-1 тобының студенті – 2 – орын (ғылыми жетекшісі п. ғ. к., доцент Никифорова О. В.)
- Қуанышбай Меруерт-ПиП 19-2 -2 тобының студенті – 2- орын (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Шутенова С. С.)
- Аймуханова Әсел- дПиМНО-20-2 тобының студенті – 3- орын (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сарбасова Қ. А.)
- Түсіпбаева Жанна-дДОВ-2к тобының студенті -3- орын (ғылыми жетекшісі аға оқытушы Жанысбаева Р. М.)
- Гартман Зинаида-Ю -21-1 тобының студенті – 3 – орын (ғылыми жетекшісі з.ғ. к., доцент Садықова К. К.)
- Әубәкірова Нұрдана-дДОВ-21 – 2с тобының студенті- “Өзектілік” номинациясы ( ғылыми жетекшісі п.ғ. к., доцент Шалтаева Р. Ж.) Ғылыми жұмыстар конкурсында жүлделі орындарға ие болған студенттер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен, ал ғылыми жетекшілер-алғыс хаттармен марапатталды.