
2023 жылғы 12 мамырда “Педагогика” кафедрасының эдвайзері А.М. Тәжинин “Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” тақырыбында орыс бөлімшесінің “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының студенттерімен ашық кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттер бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, жеке тұлғаның негізін құрайтын моральдық нормаларға деген оң көзқарасқа тәрбиелеу, олардың құқықтық сана деңгейін арттыру.

Кураторлық сағат барысында студенттермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлықтың экономикаға, әлеуметтік салаға және мемлекет саясатына зиян тигізетіні туралы әңгіме жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық-бұл жағымсыз құбылыс. Ол қоғамның негізіне нұқсан келтіреді, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етеді, экономиканы, қоғамның адамгершілігін бұзады.