2024 жылдың 18 қарашасында«Bolashaq» Академиясының 4 курс студенттері «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Қарағанды облысының филиалы «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыру іс-шаралар кешенін өткізу» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында облыстық филиал директоры Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевтің басшылығымен Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық “ЖАС ҰЛАН” мектебі РММ курсанттарымен кездесіп, мектептің ішкі жұмыстарымен танысты.
Іс-шараның басты мақсаты:
– әскери оқу орындарында оқыту үшін тәрбиеленуші жастардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасалғандығын көрсету;
-ұлттық және жалпы адами қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың жетістіктеріне бағытталған мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете оқыту, күшейтілген әскери, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығын насихаттау;
-болашақ жастарымызды Қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Мектеп офицері студенттерге мектептің күнделікті тыныс-тіршілігі интернаттық жүйеде ұйымдастырылғанын айтып, таныстырды, сондай-ақ «ЖАС ҰЛАН» РММ-ның негізгі міндеттеріне тоқталып өтті. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық “ЖАС ҰЛАН” мектебіндегі тәрбие жұмысы жоғары адамгершілік, моральді-еріктік және психологиялық қасиеттерді дарытуға, жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға негізделген.
Мектеп ұжымы дене шынықтыру даярлығы орындарын, моральдық-психологиялық кабинеттерді аралатып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, студенттерді жылы лебізбен шығарып салды.
«ЖАҢАРУ» баспасөз қызметі
Source: https://zhanaru.kz