Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп, біз “Жас мемлекеттік қызметші мектебі” 2024 маусымы жобасын іске асырып жатырмыз.
Жобаның мақсаты: мемлекеттік қызметке Қарағанды облысы жастарының дарынды өкілдерін тарту.
Жобаның міндеттері:
-жастар арасында Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және насихаттау;
-Қарағанды облысының МҚМ қызметін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және жоғары оқу орындарының күш-жігерін шоғырландыру және өзара іс-қимылын үйлестіру.
-МҚМ 2024 жылғы маусымына қатысушыларды іріктеу, оқыту жүйесін құру және іске асыру.
Жобаға Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысады.