Жадымызды болашақ ұрпаққа жеткіземіз: Жулькенов Ыбырай
Бала кезімнен мен үйдегі қабырғада ілулі өте жас жігіттің ақ пен қарамен түсірілген суретін көріп жүрдім. Мен оған кейде тесіліп ұзақ қарайтынмын. Бейне ол менімен сөйлескісі келетіндей болатын, оның жүзінен бір жылулық, өмірге деген құштарлық сезілетін. Туыстарымның айтуы бойынша оның болашағы зор болуы мүмкін еді дейді, ол өте жақсы оқыған екен және алдына үлкен мақсаттар қояды екен Бұл менің атам-Жулькенов Ыбырай, 1924 жылы туған, Қазақ КСР-і, Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Қаражар ауылының тумасы.
18 жасында 1942 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР, Ақмола облысы, Атбасар ауданының Атбасар аудандық әскери комитетінің шақыруымен қатардағы қызыл армия әскери атағымен майданға аттанады. 1942 жылдың желтоқсаны мен 1945 жылдың сәуірі аралығында 224 атқыштар полкінің құрамында соғысады.
1945 жылы сәуірде Ыбырайдың ата-анасына хат келеді, онда ол былай деп жазады: “Мен Стеттиннің (Польша) түбіндемін, соғыс жақында аяқталады, жақында ораламын. Біз жеңеміз!”.
Майданнан келген үшбұрышты хатқа қазірде отбасында сақтаулы аға сержанттың фотосуреті салыныпты.
Бірақ, Ыбырай соғыстан үйге оралмады, отбасына “хабар-ошарсыз кетті”деген ресми хабар келді. Ата-аналары үмітін үзбеді және әскери инстанцияларға өтініш білдірді.
Атбасар әскери комиссариаты 1957 жылдың 02 қыркүйегінде қолда бар материалдар бойынша “Әскери қызметші Жулькенов Ыбырай майданда жүргенде хабар-ошарсыз кетті” деген қорытынды шығарды.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қызыл Армия мен Әскери-Теңіз Флотының құпиясыздандырылған мұрағаттық құжаттарына сәйкес, біздің отбасымыз Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойында “Халықтың ерлігі” электронды Банкіне орналастырылған мәліметтерден қаншама жылдар бойы іздестірген туған адамының қайтыс болған күні туралы және оған соңғы пана болған жер туралы біле алды.
“Қатардағы және сержанттық құрамның атаулы тізімі” мәліметтері бойынша 1945 жылғы 20 сәуір мен 25 сәуір аралығында 79 жеке медициналық-санитарлық батальонда жарадан қайтыс болған Жулькенов Ыбырай, әскери атағы – аға сержант, 1945 жылғы 20 сәуірде іште алған ауыр жарақатынан қайтыс болып, Германияның Померания қаласында, Грайфенхаген ауданында, фольварк Нойхаусте, фольварктен солтүстік-батысқа қарай 100 м жерде жерленген.
Жеңіс солдатының немересі Аупенова Алия Укужановна