23 мамырда фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистрі, Ж. Ташенев атындағы № 54 мектепте орыс және қазақ тілді сынып оқушыларына мамандық пен болашақ мансапты таңдауға көмектесуге бағытталған кәсіптік бағдарлау имидждік іс – шарасын өткізді. Іс-шара 10-11 сынып оқушыларына арналған.
Оқушылар “Фармация” білім беру бағдарламасымен танысты, олар болашақта кім болып шығатыны және қайда жұмыс істей алатыны, сондай-ақ оқу барысында қандай пәндерді оқитыны туралы білді. Оқушылар мен мұғалімдер өту балы туралы және оқушы грант алмаған жағдайдағы төлем туралы сұрады.
Іс-шара аясында фармакогнозия және өсімдік шикізатына микроскопиялық талдау сияқты болашақ мамандық үшін маңызды пән туралы айтылды. Жоғарыда айтылғандардың арқасында оқушылар фармацевт мамандығы туралы көптеген пайдалы ақпарат алып, біздің ЖОО туралы толық ақпараты бар буклеттер алды.
Ж.Ташенев атындағы №54 мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы білім алушылар үшін өте тиімді және пайдалы болып шықты. Мамандық таңдауға көмектесу әр адамның өміріндегі маңызды сәттердің бірі болып табылады және өткізілген іс-шаралардың арқасында оқушылар қажетті ақпарат пен қолдау алды. Бұл жұмыс оларға дұрыс шешім қабылдауға және болашақта табысты мансап құруға көмектеседі деп үміттенеміз.