“Bolashaq” ЖМ академиясы төмендегідей лауазымдарда жұмысқа орналасуға конкурс жариялайды:
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы-1,5;
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті-0,5;
Заң пәндері кафедрасының доценті – 1,0;
Педагогика және психология кафедрасының доценті -1,0;
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы – 1,0;
Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы – 3,0;
Фармацевтикалық пәндердің аға оқытушысы – 1,0;
Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы – 2,0;
Жалпы білім беру пәндері кафедрасының профессоры-0,5.
Өтініштерді беру мерзімі – БАҚ-та жарияланған күннен бастап бір ай, яғни 2020 жылдың 30.11., сағат 17.30 – ға дейін.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кейіннен еңбек шартын жасай отырып, жоғары оқу орны басшысының атына мынадай құжаттармен қоса өтініш береді: кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы; өмірбаян; жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері; ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі; медициналық кітапша.
Анықтама алу үшін кадр басқармасына хабарласуға болады, телефон нөмірі : 8(7212) 42-04-25(010), Қарағанды, Абай к-сі, 17