«Bolashaq» Академиясының “ Педагогика” кафедрасының доценті, психолог М.Б. Коржумбаева 18 мамыр күні 1-3 курстар арасында «Өзгеріс ойдан басталады» тақырыбында тренинг өткізді. Аталған тренингке ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н.Исмаилова да қатысты.

Тренингтің мақсаты- студенттерге психологиялық қолдау көрсету, уайымнан сейілту, жағымсыз эмоциялардан арылуға бағыттау.
Тренингте адамның іші жан дүниесі және ашу -ыза мәселесі қозғалды.
Психологиялық тренинг – адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұжымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталды. Сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын топтың мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.
«Өзгеріс – ойдан басталады» адам ең әуелі жақсылықты да, кемшілікті де өзінен таба білуі керек.
Тренинг барысында студенттер сұрақтар қойып, ұжымдық талқылау жасалды. Тренинг жағымды әрі көңілді нотада өтті.


