2021 жылдың 28 сәуірінде Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту кафедрасының аға оқытушылары Голомазова Е.А., Таликова Г.Т. Қарағанды қаласының “Ақжарқын” және “Одарешка” мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтерімен “Заманауи балабақша жағдайында кәсіби күйіп қалудың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Онлайн кездесуде мынадай өзекті мәселелер талқыланды: педагогтердің кәсіби күйіп кетуі; “жану” синдромының пайда болуына ықпал ететін факторлар; синдромдардың үш сатысы және эмоциялық күйіп қалу белгілері; кәсіби күйіп қалудың алдын алу бойынша ұсынымдар.
Педагогтермен кездесу барысында кәсіби жанудың диагностикасы жүргізілді, онда тәрбиешілер өз деңгейлерін анықтады.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері тақырыптың өзектілігін және ілеспе мәселелерді атап өтіп, оларды талқылау кезінде белсенділік танытты және осындай іс-шараларды үнемі өткізуге ортақ тілек білдірді.