2020 жылдың 4 қарашасында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде Қарағанды қаласының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын білуге арналған дәстүрлі Олимпиада өтті.
Олимпиаданың ашылу сәтінде қазылар алқасының төрағасы Мемлекет және құқық тарихы мен теориясы кафедрасының профессоры
Андрей Викторович Турлаев: “Бұл Олимпиада құқықтық тақырып мәселелерінде білімі бар белсенді студенттерді анықтауға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті.
Осындай олимпиадалардың Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде өткізілуі бірінші жыл емес және әр жолы студенттер жақсы нәтижелер көрсетуде. “Бұл студенттердің өз елінің Конституциясы мен рәміздеріне деген қызығушылығын, олардың патриотизмі мен мәдени деңгейі тұрақты өсіп келе жатқанын білдіреді”, – деп атап өтті А. В. Турлаев.
Олимпиада онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы үш кезеңде өтті.
1 тур: 1995 жылғы ҚР Конституциясын қабылдаудың мақсаты мен міндеттері (1993 жылғы конституциямен және 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясымен салыстыру).
Барлық командалар презентациялар көрсете отырып сөз сөйледі. Мұнда жаңа көзқарас пен жеке пікір бағаланды (команданың пікірі).
2-тур: ҚР Конституциясының 6-бабының 2 тармағында “Меншіктілік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс”деп бекітілген.
Тапсырма: осы Ережеге түсінік беру.
Барлық командалар презентациялар көрсете отырып сөз сөйледі. Сондай-ақ, жаңа тәсілге және жеке пікірге (команданың пікірі) баға берілді.
3 тур: мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірде пайдаланудың мәселелері мен шешу жолдары. (Мемлекеттік рәміздер туралы Заңның нормаларын салыстыру және өмір мысалдары: қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздер дұрыс пайдаланылады немесе дұрыс пайдаланылмайды)
Барлық командалар презентациялар көрсете отырып сөз сөйледі. Сондай-ақ, жаңа тәсілге және жеке пікірге (команданың пікірі) баға берілді.
Команда мүшелерінің сөз сөйлеу регламенті-3-5 минут.
“Bolashaq” академиясының “Құқық қорғаушылар” командасы үшінші орынға ие болды.
Команда құрамына кіргендер:
Капитан – Макашева Айжан-Ю-20-1к
Команда мүшелері: Молотова Елизавета– Ю-20-1к, Оспанова Диана – Ю-20-1к
Зияткерлік жарысты қорытындылай келе, біздің академияның студенттері жылдан жылға жетілу үстінде екенін атап өткен жөн.
Биыл команда құрамына тек бірінші курс студенттері ғана кіріп, тамаша нәтиже көрсетті.
“Bolashaq” академиясы заң пәндері кафедрасының оқытушысы доцент Садықова Көкеш Каригуловнаға студенттерді олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін алғыс білдіреді.
Студенттерді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!