2023 жылдың 4 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің “Жастар орталығы” студенттік орталығында “Bolashaq” Академиясының Құқықтану ББ студенттері құқықтық білімді насихаттауға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған “Мен және заң” викторинасына үлкен белсенділікпен қатысты.
Студенттерге құқық құндылығын сіңіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заңдарды құрметтеу мақсатында іс-шараны студенттік орталықта өткізудің еркін, демократиялық форматы ерекше сәт болып табылады. Бірақ одан да басқа бір ерекшелігі, әрбір дұрыс жауап үшін оларға кәмпиттер табысталды. Фотосуреттерден байқағанымыз, біздің заңгер студенттеріміз Академияның намысын жібермеді және көптеген кәмпиттер сыйға алды. Сонымен қатар, біздің жігіттер үлкен қуат пен оптимизмге ие болды және болашақ әріптестерінің арасында көптеген таныстар мен достар тапты.
Жарайсыңдар, заңгерлер! Осындай ұстанымда болыңдар!