Теміртау қаласындағы мектептермен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 30 наурызда сағат 16.00-де ZOOM режимінде Теміртау қаласының 11 сынып оқушыларымен және ата-аналар қауымдастығымен жоғары оқу орындарына түсу мәселелері, ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері бойынша кезекті апта сайынғы кездесу өтті.

Кездесу барысында ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Осы мектептердің ата-аналары мен түлектері біздің Академияның білім беру бағдарламаларына түсу үшін өту балдары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Академияның білім беру бағдарламалары, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы ақпарат берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.