“Bolashaq “Академиясына алғыс
2021 жылдың 29 қаңтарында “9 Лицей ” КММ қабырғасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының түлегі, ал қазіргі уақытта ағылшын тілі мұғалімі Данияр Жанабаев бітіруші сыныптар үшін “Around the World”викторинасын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математикалық цикл: биология, география, химия пәндері бойынша ағылшын тіліндегі білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын көрсету болды. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік пен тапқырлық танытты.
Іс-шараның демеушісі “Bolashaq” академиясы болды, барлық қатысушылар мен қазылар алқасы Академияның естелік сыйлықтарымен марапатталды.


Теміртау қаласының ” 9 Лицей ” КММ әкімшілігі “Bolashaq” академиясының әкімшілігіне оқушылар мен оқытушылардың шығармашылық бастамаларын қолдағаны үшін үлкен алғыс білдіреді.


Академия біздің лицейдің дамуына өз үлесін қосатын өзінің тамаша түлектерімен мақтана алады.


Ұжымыңызға бақыт, денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз. Одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.
Теміртау қ. “9 Лицей” КММ директоры Құралай Нұрғалиқызы Ақназарова
“Bolashaq” Академиясының түлегі, “№9 Лицей” КММ ағылшын тілі мұғалімі Данияр Кунекбаевич Жанабаев