2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң) қабылданды, ол сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін, сот ісін одан әрі жаңғырту және оңайлату жөнінде қағидатты нормалар енгізуді белгіледі.



Конституциялық Заңның 20 жылдық мерейтойы қарсаңында “Судьялар одағы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды филиалы онлайн форматта құқықтық спартакиада өткізді.
Спартакиадаға Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
Спартакиада 5 турдан тұрды: “Сәлемдесу сайысы”, “Ширату”, “Әзіл мен Заң, үйлеспейтіндерді қалай үйлестіруге болады? “, Капитандар конкурсы”, “Стартап жобалар конкурсы”.

Спартакиаданың қазылар алқасының құрамына: Қарағанды облыстық сотының төрағасы Н.К. Шәріпов; з.ғ. к., Қарағанды облыстық сотының судьясы Ж.К.Сейдалина; з. ғ.к., профессор А. В. Турлаев; з. ғ. к., доцент А. Ж. Әбдіжами; з. ғ. к. А. Т. Төлеубеков кірді.

Спартакиада қорытындысы бойынша біздің академияның “Тура би” командасы үшінші орынға ие болды, сондай-ақ “Үздік стартап”номинациясында жеңімпаз атанды.


Команда құрамына 1-3 курс студенттері: Кожахметов М., Макашева А., Сеилов С., Мерденов А., Алтай Н. кірді.
Заң пәндері кафедрасының ұжымы студенттерді жақсы нәтижемен құттықтайды!
Жумжумаев Н. С., “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі