20-27 ақпан аралығында Қарағанды қаласының студент жастары арасында XVII облыстық спартакиадалар өтті.
“Bolashaq” Академиясы мен “Bolashaq” Жоғары колледжі бірге жарысты.
20 ақпанда Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде.спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Спартакиада спорттың 13 түрі бойынша өтті: баскетбол, үстел теннисі, шахмат, футбол, дойбы, гір спорты, волейбол, арқан тарту, президенттік қоссайыс, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресі.
Біздің қатысушылар спорттың 11 түрінен бақ сынасты.
Денсаулығы мықты адам-табиғаттың ең құнды жемісі. Егер сіз және біз спортпен айналысатын болсақ, қоғамға пайдамыз тиетіні – анық.
“Денсаулық- зор байлық” деген қанатты сөз тіркесі халық арасында бекер айтылмаған.
Өткізілген ойындарда батылдық пен шымырлық танытқан студенттерімізге алғыс айтамыз.