Бүгін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабырғасында Қарағанды өңірінің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының Қазақстан Мәжілісі VIII-шақырылымының депутаты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетовпен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Бексұлтанұлы Бексұлтановпен кездесуі өтті.
Кездесуді аша отырып, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, з.ғ.д., профессор Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы қатысушыларды жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру қызметінің басым бағыттары мен нәтижелері, қазақстандық білім беруді одан әрі дамыту перспективалары және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының регламенті бойынша кездесудің маңыздылығы туралы хабардар етті.
Кездесу диалог форматында өтті, алайда басында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Қ. Аймағамбетов сөз сөйлеп, оның қатысуымен дайындалған заң жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда, ол Парламент депутаттарының мақұлдауына ие болған халықты несиелендіруге қарсы күрес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, лудоманияға қарсы іс-қимыл және басқа да бірқатар заң жобалары туралы заңнамалық бастамаларға қысқаша талдау жүргізді. Сондай-ақ, ол білім беру саласындағы құқықтық негіздерді жетілдіруді ерекше атап өтті.
Айта кету керек, білім беру саласына жетекшілік еткен бұрынғы министр ретінде А.Қ. Аймағамбетов осы саланың дамуына ерекше назар аударады және оны жетілдіру үшін бар күшін салады.
Іс-шараға “Bolashaq” Академиясының ректоры Г.М. Рысмағамбетова және кафедра меңгерушілері қатысты.