«Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының К-20 тобының студенті Рамазанова Аружан Ресей халықтар достығы университетінде халықаралық ЖОО аралық студенттерінің «Ғылыми және кәсіби іскерлік қарым -қатынас мәдениеті» атты ғылыми практикалық конференциясына қатысып, «Ыбырай Алтынсарин 19-ғасырдағы Қазақстан үкіметінің қайраткері” тақырыбында баяндама жасады. Аружан қазақ тобында оқып, орыс тілінде өткізілген конференцияда өзінің өжеттілігімен, білімділігімен көзге түсіп, арнайы сертификатпен марапатталды.Аружанды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!

