2021 жылғы 31 мамырда “Тарихтан тағылым – өткенге тағзым” халықаралық жобасы шеңберінде Павлодар қаласының Достық үйінде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарих және естелік” ғылыми – практикалық форумы өткізілді.
“Bolashaq” академиясының “Руханият” ҒЗО директоры, Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ мүшесі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі А.У. Аупенова “Қамаудағыларды лагерь баспасөзі арқылы әлеуметтік трансформациялау” және “Ұлы Отан соғысының тарихы және көпұлтты халықтың ерлігі” атты екі баяндамасымен сөз сөйледі.
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов, Павлодар облысының әкімі А.Сқақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В. Нәбиев, Н. Дементьева, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының лекторлары, ҚХА, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, кафедраларының, жастар бірлестіктерінің мүшелері, депортацияланған және қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылардың ұрпақтары қатысты.
Халықаралық форумның мақсаты-жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизм мен бірегейлікті, азаматтық және жалпыадамзаттық құндылықтарды одан әрі нығайту, мемлекеттік құрылымдарды, халықаралық және отандық ғылыми-сарапшылық қоғамдастықта тарихи сананы дамыту және рухани-адамгершілік тәрбие контексінде социумдағы тарихи жадтың сақталуы мен сабақтастығын жас ұрпаққа беруде біріктіру.
Халықаралық форумның міндеттері:
1) кеңестік саяси қуғын-сүргін, 30 жылдардағы ашаршылық және ХХ ғасырдағы Қазақстандағы этностардың депортациясы тарихы жөніндегі қоғамдық маңызы бар және ғылыми-қолданбалы жобаларды, тақырыптық бағыттарды, ғылыми және мұрағаттық материалдарды көрсету;
2) тарихи жадыны сақтауға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді тәжірибесін жинақтау.
Форумда ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу, Қазақстандағы этностарды депортациялау, жалпыазаматтық қазақстандық бірегейлікті нығайту контексінде тарихи сана мен тарихи жадты дамытуға байланысты өзекті мәселелер қаралды. Қарастырылған тақырыптар кеңінен жарияланып, қатысушылардың қызу талқылауына себеп болды. “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарих және естелік” форумы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізді.
“Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова