Мен, Даулетханова Мөлдір Қарағанды қаласы «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін. Мен алғашқы танымдық практиканы өту үшін 2023 жылдың 23 қаңтарында ШҚО білім басқармасы «Глубокое» ауданы бойынша білім бөлімінің «Степное негізгі мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектебіне келдім. Ең алдымен мектеп директорымен кездесіп, білім беру ошағының құрылымымен таныстым. Мектеп директоры – Қазбеков Ерболат Мұратұлы. Білім ордасында қазіргі таңда 216 оқушы білім алуда. Білім ордасы аралас болғандықтан, оқу екі тілде, яғни, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мектеп ішімен танысып болған соң, мен өзіме берілген 5 «а» сыныбы және сол сыныптың жетекшісі – Мульянова Асеммен бірге жұмыс жасадым. Сыныпқа алғашқы сабақ – қазақ тілі сабағы болды. Сабақ басталысымен оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін викториналық сұрақтардан бастадық. Оқушылардың барлығы өте белсенді, сабаққа барынша қатысып отырды. Кейін оқушыларға берілген үй тапсырамасын тексеру үшін дәптерлерін жинадым. Асем Алтайбекқызы оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіріп, сабақты одан әрі оқушылардың есіне жақсы сақталуы үшін түрлі жаттығуларды орындады. Бұл күні мен сыныппен танысу жұмысын ұйымдастырдым. Сыныппен тез тіл табыса алдым. Мульянова Асем маған сабақ жоспарын ғана таныстырып қоймай, ұстаздардың барлық құжаттарын толтыру әдісімен де бөлісті.
Оқушылар бұл күні өздерін барлық сабақтардан жақсы көрсете білді. Білім ошағында оқуға деген бар жағдайдын жасалуына байланысты, мен өз практикамның барынша жақсы өтетініне және білімді жетекшілерден көп нәрсе үйренеріме сенемін.
Даулетханова Мөлдір
Қарағанды қаласы
«Bolashaq» академиясының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ