Ағымдағы жылдың 7-14 желтоқсаны аралығында Жастар ісі жөніндегі комитет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Bolashaq» академиясының оқытушы – оқырмандары мен студент-оқырмандары арасында «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты І патриоттық онлайн бейне конкурс ұйымдастырды.

Байқау ережелеріне сәйкес, қатысушы байқау тақырыбы бойынша камераға өлең оқып, жауапты куратор-эдвайзерге немесе ұйымдастырушыларға жіберуі керек. Барлық бейне материалдар Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылған және дауыс беру арқылы студенттер арасында үздік 3 жұмыс, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлер арасында үздік 3 жұмыс таңдалды.

Көптеген өтінімдер келіп түсті. Алайда бәрі көрермендердің пікірлеріне, ұнатуларына және жанкүйерлердің пікірлеріне байланысты болды. Жазылушылар өз жеңімпаздарын таңдады.

Қызметкерлер мен оқытушылар:
І орын-Отыншиева Гулим Кожахметовна, заң ғылымдарының магистрі, заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы.
ІІ орын-Тукубаева Гульмира Нурахметовна, фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
ІІІ орын-Бағашар Мұқаметжанұлы, заңгер, аудармашы, ақын, композитор, «Bolashaq»академиясының зерттеуші-қызметкері.

Студенттер:
I орын-Мухтарова Айгерим, ПжП-19-2к.
І орын-Қали Қорлан, ПжП-19-2
ІІ орын-Қабай Күннұр, К-18-1

Номинациялар бойынша:
«Елдің елеулісі, халықтың қалаулысы, үлкендерге сыйлы, жастарға үлгі» – Алтай Нұршат, Ю-20-2к.
«Үздік дикция» -Кузнецова Виктория, Фм-19-1
«Көрермендер көзайымы» – Кутубаева Анастасия, МДОЖТ – 17-1
«Bolashaq» академиясының ректоры, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы жеңімпаздарды құрмет грамотасымен марапаттап, бағалы сыйлықтар – белгілі қазақстандық және шетелдік авторлардың кітаптарын табыс етті.

ЖІК төрағасы Мейірбек Байшағыров






