6 ақпанда Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы және студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының үйлестірушілері “Bolashaq” академиясының студенттер үйінде студенттермен кездесті.


Студенттер үйінде тұратын студенттермен кездесу дәстүрлі болып табылады. Кездесу барысында Студенттер үйін абаттандыру бойынша студенттердің ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.



Сондай-ақ, ЖІК төрағасы студенттер өздерінің жаңа үйлеріне құрметпен қарау, жатақханада тұру ережелері мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау керектігін атап өтті.