«Білім әлеміне қадам: Кәсіби бағдар мен жаңа мүмкіндіктерге сапар» Теміртау қаласына кәсіби бағдар жұмысы

2025 жылғы 12 наурызда «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Қосманова Арай Бейсенғазықызы, Шутенова Сабира Сартаевна, «Фармация» кафедрасының доценті м.ғ.к, Блялов Серік Абдуалиович және академияның белсенді студенттері Кадрин Тілеген, Бақыт Алибек кәсіби білім беру бағдары бойынша Теміртау қаласының:  №6 ЖББОМ, №10 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №23 ЖББОМ, №27 ЖББОМ, №4 ЖББОМ, №9 мектеп- лицейі, №1 қалалық гимназиясына барды.

Бұл сапардың мақсаты — 11 сынып оқытушыларын академиямыздың білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, кәсіби білім беру бағдарламалары мен оқу үдерісіндегі заманауи әдістермен таныстыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайту болды.

Академиямыздың бейнеролигі мен презентациясын ұсына отырып, оқу төлемақысына қатысты қандай жеңілдіктер бар екендігі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттерге арналған гранттар мен жеңілдетілген төлемақы шарттары туралы толық түсінік берілді.

Оқушыларға берілген ақпараттар: Академияда академиялық мобильділік бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі. Бұл мобильділік ішкі және сыртқы бағыттарда жүзеге асырылады. Ішкі мобильділік бойынша студенттер академия ішінде басқа білім беру бағдарламалар арасында білім алмасу мүмкіндігіне ие болса, сыртқы мобильділік шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық аясында студенттердің шетелде білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, академияның халықаралық бағдарламалары мен әріптестік байланыстары арқылы студенттердің білім деңгейін арттыруға бағытталған түрлі мүмкіндіктер ұсынылды.

Жұмыстың соңында мектеп оқушылары сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді. Оқушыларға Академия туралы қосымша ақпарат алу үшін буклеттер таратылып, академияның ресми сайтына, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына тіркеліп, күнделікті жаңалықтарды бақылауға ұсыныс жасалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.