Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылының орта мектебінде өткізілген кәсіби бағдар жұмысына есеп

31 қаңтар 2023 жылы  Педагогика кафедрасының п.ғ.к.., доцент Коржумбаева М.Б. Бұқар Жырау ауданы Самарқанд ауылының орта мектебінде кәсіби бағдар жұмысын өткізді.

Доцент Коржумбаева М.Б. академияның оқу бағдарламаларын түсіндіру үстінде
 

11 «Ә» сынып оқушылары сұрақтар қойды, мысалы Педагогика және психология ББ-ға түссе кім болып шығады, қашықтықтан оқыту бағдарламалары бар ма, бакалаврды аяқтаған соң, магистратураға түсуге бола ма, фармация ББ-ны қанша жыл оқу керек, Академияда фармацевтерді даярлайтын лабораторияларыңыз бар ма? – деген сұрақтар қойылды.

Әрине, оқушылар сұрақтарына жауап алды, Педагогика және психология мамандығын аяқтаған түлектер әр жерлерде, мектептерде, жалпы оқу орындарда, компания, фирмаларда қызмет істей алады. Магистратураға Заң, Педагогика және психология, Шет ел: екі шет тілі оқу бағдарламасына түсе алады. Фармация мамандығынды тек күндізгі бөлімде 5 жыл мерзімде оқу керек және студенттерді даярлайтын лаборатория, дәрісханалар мен тәжірибе өтетін мекемелер де бар.

«Лимонад» атты журналмен таныстыру
11 «Ә» сыныбына оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін айту

Жауапты Коржумбаева М.Б.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.