Мен практикадамын

Мен, Мейрамова Жанар, Қарағанды қаласы  «Bolashaq»      академиясының   «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4  курс студентімін.

Мен педагогикалық практикадан өту үшін 30.01.2023 жылы Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданындағы С.Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебіне келдім.

Алғашқы күні    мектеп директорымен кездесіп, мектеп ішінің құрылымымен таныстым.

Мектеп директоры – Р.С.Рахимов, көп жылдық тәжірибесі бар басшы. Академия студенттерін ақ пейілмен қарсы алады екен. Ол кісі педагогикалық практика бойынша жетекшім етіп А.С.Акимбекованы тағайындады. Мектеп ішімен  танысып болған соң,  маған берілген 7 “Б” сыныбы және сол сыныптың жетекшісі Г.Б.Садвакасова апаймен пікірлестім.

7 “Б”сыныбында 16 оқушы. Соның ішінде – 8 қыз, 8 ұл.

Жетекшім Акку Акимбекова мені мектептің  ұжыммен таныстырды. Мектеп іші заманға сай жабдықталған,  әрбір қабырғада мектеп мақтаныштары, әр түрлі қоғамдық жұмыстардың фоталарын көріп шықтым.

Алдымен сыныпқа кіргеннен кейін сынып бұрышы мен ережелеріне мән бердім .Оқушылар өте зерек, жан-жақты екені байқалады,  жақсы сыныпқа жетекшілік ететініме қуаныштымын.

  Мектеп ұжымы сын көзбен қарамай керісінше маған өздерінің тәжірибелері туралы ақыл кеңестерін айтты,  сонымен қатар  бұл мектепте өзім сияқты практикант студенттер де бар екен.  Барлық практикант-студенттерге сәттілік тілеймін! 

 Одан әрі  жетекшімнен қызықтырған  ақпараттарымды сұрастырып, алдағы  уақытта көптеген жұмыстар жасауға жоспар құрып, кірісіп те кеттім.

Қарағанды қаласы,

«Bolashaq» академиясы,

К-19-1 тобының студенті Мейрамова Жанар

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.