Жас та болса, шәкірттеріне бас болып, мектептің жүрегіне айнала білген жас мұғалім – Аида Сәкенова. Ол”Bolashaq” академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 2020 жылғы түлегі.
Аида Сәкенова өзінің кәсіби педагогикалық қызметін Қарағанды қаласының № 39 мектеп-гимназиясында жүзеге асыруда. Жас педагог «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау», – деп түсінеді
Жас мұғалім Сәкенова Аида Saryarqa телекомпаниясына сұхбат берді, онда ол өз кәсібін таңдауы, балаларға деген сүйіспеншілігі, оларға өз меңгерген білімі мен білгенін беруге ұмтылысы туралы айтты
Аида Сәкенова жас ұстаз. Бұрын ол сәнгер болуды армандаған. Бірақ, жоғары оқу орнына келгенде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдаған.
Аида СӘКЕНОВА, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
– Маған балалармен жұмыс істеген ұнайды. Мен оларға жаңа нәрсені үйреткім келеді. Сондықтан мен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды шештім. Мен сондай-ақ Түрік тілінің мұғалімі болуды армандаймын, өйткені мен Түркияда оқып, диплом алдым.
Аида Сәкенова гимназияға осы жылдың қаңтар айында жұмысқа орналасқан. Еңбек өтілі аз болса да оқушыларға жаңа технологиямен сабақ бергенді ұнатады. Ол балаларды қазақ жазушыларының шығармаларын біліп қана қоймай, өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең білуге баулиды. Сыныптан тыс шараларда шәкірттерін ән айтуға, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін билеуге үйретеді.
Әріптестері сегіз қырлы, бір сырлы жас ұстазды мақтан тұтады. Аида Түркия елінде оқып келгендіктен, бірнеше тілді еркін меңгерген. Жас мұғалім алдағы уақытта шәкірттеріне түрік тілінен дәріс беруді армандайды.
Абылай ЖӘЛЕЛОВ, №39 мектеп-гимназиясының директоры:
– Биыл біз жұмысқа жас мамандарды қабылдадық. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері. Мысалы, Аида – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және тәлімгер. Ол өте дарынды.
Аида әр адамның бойында ерекше бір қабілеті болатынын айтады.Тек талант пен еңбектің арқасында оны дамыта білу керек деп санайды.