Бүгінгі күннің өзегі – білімді ұрпақ. Білімді маман. Заманға сай білім де бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Берілетін сапалы білім – болашақтағы сапалы маманның кепілі. Бүгінде жоғары білім ордалары сол үшін бәсекеге түсуде. Сол үшін білім саласында қазір қып-қызыл майдан жүріп жатыр.
Жоғары білім ордалары білім алушыларды жинау үшін талас-тартыс науқанын өткізуде. Бұл науқан бұрынғыдай емес, өзгеше сипат алып отыр. Басты өлшем: білім беру бағдарламалары, оның құрылымы, әдістемесі, құндылығы, уақыт талабына жауап беруі, нақты бағыт-бағдары сарапқа салынып, сынаққа түсуде.
Бүкіл білімгерлердің назары осыған ауған. Келешегін «Bolashaq» академиясымен жалғастырғысы келгендер арасында шет елден келген азаматтар да бар. Соның бірі – Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Бағашар Мұхаметжан. Ол Қытай коммунистік Орталық мектебі сырттай оқу институтын тәмамдаған білікті азамат.
Мамандығы – заңгер. Қазіргі күні «Bolashaq» академиясының магистратураға түсушілерді қабылдау тәртібі ережесіне сәйкес, шет елден келген азаматтарды сұхбаттасу арқылы қабылдауға рұқсат берілген.
Осы Ережеге сүйеніп, ағымдағы жылдың 24-тамызында Бағашар Мұхаметжанмен сұхбат өткізіп, магистратураға қабылдадық. Таңдаған саласы бойынша қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өзінің білімділігін көрсетіп үлгерді. Құқық саласы бойынша біршама ғылыми жұмыстары да бар екен.
Бағашар Мұхамеджанға үмітімізді үкілеп, ақ жол тіледік.