2024 жылдың 13 сәуірінде «Bolashaq» Академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Абдрахманов Р.Х. К-21-1 тобында қазақ тілінің стилистикасы пәнінен «Хабарлы сөйлем стилистикасы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Ашық сабаққа аталған кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.


Сабақ барысында синтаксистік синонимдер мен параллель құрылымдардың стилистикалық мүмкіндіктері жөнінде дәріс оқылды Сабақта аудио, видео, презентациялық көрсетілімдер бойынша мысалдар берілді.

Стилистика мәселесіне байланысты синтаксистік құрылыстардың тиімді түрлерін пайдалану бағыттары жайында сұрақтар қойылды.Студенттер сабақта жай сөйлемдер классикалық- синтаксистік тұрғыдан айту мақсатына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы сөйлемдердің функционалдық стилистикалық қолданыс аясының алуан түрлі табиғатын қызыға тыңдады.
