«Bolashaq» академиясында Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізу мақсатында студенттердің, олардың ата-аналарының жазбаша өтініштері үшін «Сенім жәшігі» орнатылған.

2018 жылы 20 желтоқсанда » Jas Otan «ЖҚ өкілінің қатысуымен салтанатты түрде»Сенім жәшігі «ашылды. Жәшікті «Bolashaq»академиясының ректоры профессор Қ. Н. Меңлібаев, Академия проректоры профессор Т. П. Смолькина және доцент У. Т. Киреева, «Bolashaq»Студенттік Республикасының премьер-Министрі Данияр Жаңабаев және Үкімет мүшелері ашты.

«Bolashaq» академиясының оқу-тәрбие жұмысы бойынша студенттер мен ата-аналардың ұсыныстары мен тілектері оқылды.
