Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда кім болам?
29 қарашада қазақтың айтулы қаламгері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орай «Bolashaq» Академиясында 1,2,4 – курс студенттері арасында дөңгелек үстел өтті. Кешімізге арқау болған тақырып «Қамар сұлу» романы. Іс-шараны «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының меңгерушісі Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы кіріспе сөзбен ашып, С.Торайғыровтың аз ғұмыр жасап, көп арманы көкірегінде кеткенін, өз дәуірін жанартаудай жарып шығып, қара түнде жарқылдаған найзағайдай жалын атқан ақын екендігін айтып өтті.
Филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушылар одағының мүшесі Мауен Хамзин «Қамар сұлу» романындағы көтеріп отырған мәселелерге кеңінен тоқталып, әйел теңдігіне байланысты өткір де өзекті мәселені көтеріп, сол кездегі қазақ арасында етек алған ескі әдет-ғұрыптарға тоқталды. Басқосу барысында бірқатар студенттер жазушының шығармашылығы туралы өздерінің ой-пікірін білдіріп, «Қамар сұлу» романын талқылауға белсене атсалысты.