Ең үздік халықаралық мақала

Заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, заңтану магистрі Ахметова Әсел Қасенова “үздік ғылыми мақала” халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына қатысты (Пенза қ., Ресей Федерациясы).

“Үздік ғылыми мақала 2020” – ғылым мен инновацияларды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсы.

Байқаудың мақсаты Ресей ғылымының әлемдік ақпараттық ғылыми кеңістікке кірігуіне ықпал ету, ғылымның әр түрлі салаларында ғылыми және практикалық жетістіктерді тарату, жарияланымдардың жоғары стандарттарын қолдау, сондай-ақ ғылыми-практикалық қызметтің нәтижелерін апробациялау болып табылады.

Байқауға ғалымдар, ғылым кандидаттары мен докторлары, түрлі бағыттағы мамандар, оқытушылар, аспиранттар, магистранттар, студенттер қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.