“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы кураторлық сағат

Жоспар бойынша мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі профессор Храпченкова Н.И ұйымдастыруымен, қарашаның 29 күні Бакарамова Сымбат Амангелдіқызының жетекшілігімен «Рухани жаңғыру», соның ішінде «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы», «Ұлттық тәрбие» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Шараға ПМНО және ДОВ группаларының студенттері мен Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының мұғалімдері п.ғ.к., Шалтаева Р.Ж., аға оқытушылар Жанысбаева Р.М., Арунова Ж.А., Сарбасова К.А. атсалысты. Кураторлық сағат Бакарамова Сымбат Амангелдіқызының кіріспе сөзінен басталды.

Сонымен қатар, ДОВ және ПМНО тобының студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты, міндетімен, бөлімдерімен таныстырып өтті. Кезекті презентация «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы» жайлы ұсынылды. Сондай-ақ, «Ұлттық тәрбиеге» байланысты видео көрсетіліп, соңында әр студент өзінің ойын, пікірін ортаға салды.

Мұғалімдер тарапынан студенттерге сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Шара соңында «Атамекен» әні шырқалып, ашық кураторлық сағатты қорытындылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.