Біздің студенттердің Мәскеудегі жеңісі

2019 жылдын 21 карашасында біздің студенттер Жанабаев Данияр ИН-16-1 және Жуматаев Ерасыл тобы Ю-18-2 Мәскеу каласында Г. В. Плеханов халықаралық бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. “Студенттік өзін-өзі басқару-жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа құралы ретінде”атты баяндама жасады.

Студенттердің ғылыми жетекшісі-“Bolashaq” академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ахметова Ботагөз Телманқызы, экономика ғылымдарының магистрі.
Біздің студенттер № 4 секцияда “цифрландыру жағдайында жоғары білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістемесінің ерекшеліктері” атты баяндама жасап, комиссия шешімі бойынша үздік баяндама үшін 1-ші орынға ие болды.

Данияр мен Ерасыл “Bolashaq” академиясының әкімшілігіне және кафедра меңгерушісіне осы конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс білдіреді. “Bolashaq” академиясының әкімшілігі Данияр мен Ерасылды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, оқуда табыстар тілейді.Данияр мен Ерасыл “Bolashaq” академиясының әкімшілігіне және кафедра меңгерушісіне осы конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс білдіреді.

“Bolashaq” академиясының әкімшілігі Данияр мен Ерасылды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, оқуда табыстар тілейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.