20 – қазан күні Қарағанды «Bolashaq» академиясында Республика күні қарсаңында жалпықазақстандық диктант жазу жүзеге асырылды.Диктантқа академия студенттері белсене қатысты.
Студенттердің бойында патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттің құндылықтарын құрметтеу мақсатында жазылған диктантқа 300-ге тарта студент қатысты.
Диктант жұмысын қадағалап, тексеруге арнайы комиссия құрылды.
Комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері диктант жұмыстарын тексеріп, диктантты сауатты, қатесіз жазған студенттерге жүлделі орындар белгіледі.
1-орын – Шари Қымбат К-21-1
2- орын- Рахимова Зарина ФМ – 21-1
3-орын- Әбіш Толғанай ДОВ – 20-2
Мұстафина Рыскүл Ю-19-2

