Ресей кеден академиясының Ростов филиалы Санкт-Петербург Тергеу комитеті академиясының Ростов филиалымен бірлесіп, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күніне арналған “Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері” атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді.

Біздің академиядан құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы белсенді түрде қатысты. Ол “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың психологиялық детерминанттары” тақырыбында баяндама жасады.



Іс-шара өте жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.

Қатысушылардың географиясы: Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен атқарушы билік органдарының өкілдері.