2021 жылдың 13 қыркүйегінде «Bolashaq» академиясының оқытушылары мен студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Ректор кубогі» үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.


7 команда қатысқан бұл сайыстың нәтижесінде 1 – курс студенттерінен жасақталған «BalMuzDag» командасы 3 – орынды иеленсе, оқытушылардан құралған «Academy» 2 – орынды қанжығаларына байлады. Құқықтану кафедрасының студенттерінен құралған «Ecvitos» құрамасы сайыс жеңімпазы атанды.



Жекелей жүлделерге келсек, Ю-21-1 тобының студенті Хинцицкий Иван «Үздік қақпашы» атанса, Ф-21-2 тобының студенті Өмірзақ Сұлтан турнир барысында 7 гол соғып «Үздік шабуылшы» номинациясын иеленді. Сайыстың «Үздік ойыншы» атағын Ю-20-2 тобының студенті Ханат Өтеген иемденді. Турнирдің «Ең әдемі гол» номинациясын жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы Серімов Елужан Елемесұлы иеленді.



Бұл турнирдегі маңызды оқиғалардың бірі төрешілік болды. «Bolashaq» академиясының тарихында алғаш рет турнирде құқықтану кафедрасының бірінші курс студенті – Гартман Зинаида төрелік етті.


Жарыс соңында турнирдің ұйымдастырушысы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы жүлдегерлерді марапаттап, жылы лебізін білдірді.


