2022 жылғы 29 қыркүйекте «Bolashaq» академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға эдвайзері М. К. Абдрешева «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен ҚР Президентінің Қазақстан халқына «ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. ГҮЛДЕНГЕН ҚОҒАМ» Жолдауын талқылады.Аталған іс-шара барысына шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 1-3 курс студенттері қатысты. Жолдаудың негізгі ережелері айтылды. Мынадай маңызды мәселелер қозғалды:
- Күздегі кезектен тыс президенттік сайлау
- «Біз қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген балаларды тәрбиелеуіміз керек».


Ин-21-1к тобының студенттері Әділбек Токенов пен Ин-22-1 Сорокин Даниил осы Жолдаудың білім беру аспектісіне ерекше назар аударды. Олар студенттерді гранттармен қолдау туралы өз пікірлерін білдірді.