2022 жылдың 4 наурызында ZOOM платформасында заң пәндері кафедрасының профессоры Александр Леонидович Хан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде өткізілген дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысты.
Дөңгелек үстел сотқа дейінгі іс жүргізу проблемаларына, атап айтқанда, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруге, бұйрықтық іс жүргізуге және процестік келісімге арналған.
Профессор А.Л. Хан Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы саласындағы ең көрнекті ғалымдардың бірі ретінде сотқа дейінгі іс жүргізуді жетілдіру мәселелері мен жолдары туралы баяндама жасады.
Іс-шара жоғары және жемісті форматта өтті. Қатысушылар туындаған проблемаларды шешу туралы өз ойларын ортаға салып, сотқа дейінгі іс жүргізуді және жалпы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірледі.