“Саябақтар маршы – 2023”

2023 жылғы 27 сәуірде жыл сайынғы “Парктер маршы – 2023” табиғат қорғау акциясы аясында “Bolashaq” Академиясының фармация кафедрасында “Бұйратау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен кездесу өтті. Табиғи парк өкілдері “Бұйратау “МҰТП маңыздылығы мен әлеуеті”, “МҰТП аумағында биотехникалық және орманды қалпына келтіру іс-шаралары” тақырыбында дәріс-әңгімелер өткізді.

Студенттерге камерада түсірілген сирек кездесетін жануарлардың бейнежазбалары көрсетілді, сондай-ақ қызықты сұрақтар қойылып, олармен ұлттық саябақ туралы қызықты фактілермен бөлісті. Соңында барлығына “Бұйратаудың туристік бағыты”, “Тоғыз шошақ ” туристік бағыты”, “Бұйратаудың карта-схемасы “сияқты буклеттер таратылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.