“Педагогика” кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 9 қазанда “Bolashaq” Академиясының қабырғасында Педагогика кафедрасының қызметкерлері пс.ғ.к. Абдрахманова А.С. және магистр, аға оқытушы Шутенова Сабира Сартайқызы кәсіби бағдар беру жұмысы аясында педагогтармен кездесу өткізді. Кездесуге педагог қызметкерлер арасында педагог-психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және Қарағанды облысы ББ сынып жетекшілері қатысты.

Оқытушылар Академияның жұмысы туралы бейне фильм көрсетті, студенттер мен магистрлерді бітіретін білім беру бағдарламаларын таныстырды. Бакалавриат пен магистратурада оқу шарттары түсіндірілді.

Педагогтер одан әрі кәсіби өсу үшін магистратура бағдарламаларына қызығушылық танытты, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу үшін ақпарат алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.