7 сәуір күні 19:00 де @akademy_bolashaq инстаграм парақшасында Bolashaq студенттік Республикасының Президенті Мағрұпжан Бексұлтан мен Қазақстан студенттер Альянсының Bolashaq академиясы бойынша Совет Нұрбота арасында “БК Қашықтықтан оқыту жүйесін қолдайды” тақырыбында пікірталас өтті.
Пікірталас барысында қашықтықтан оқыту жүйесінің тиімділігі мен кемшіл тұстары сөз етілді.
Сонымен қатар көрермендер де өз пікірлерін жазып пікірталасты одан сайын тартысты етті.
Пікірталасқа ҚарМУ Пікірсайыс клубының түлегі Майрамов Амантай төрешілік етті.