«ҚАРЛАГ: ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«ҚАРЛАГ: ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Bolashaq» академиясы (Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласы) «Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында жастардың шығармаларына байқау өткізеді. Алғашқы шығармалар байқауы 2014 жылы болып өтті, оған 500 адам қатысты.

«Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу және қайырымдылық жобаны академияның профессорлық-оқытушы құрамы студент жастармен біріге отырып, халықаралық сарапшылардың қатысуымен туған жердің тарихын және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың тағдырын жан-жақты зерттеу мақсатында жүзеге асырылады. Идеяның авторы және байқаудың модераторы – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, «Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тарихи-танымдық һәм ғылыми-зерттеу орталығының, қайырылымдылық жобасының жетекшісі – Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы.

Байқауға тақырыптық зерттеу шығармалары: эссе, әңгіме, шығарма-сұхбат, дербес мұрағат, куәліктік құжаттарға негізделген отбасы тарихы бойынша зерттеу-шығармалар; өлеңдер, т.б. қабылданады.

Байқауға Қарлаг тарихына қызығушылық танытқан 16-30 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер, аспиранттар, магистранттар, жас оқытушылар мен ғалымдар, жас кәсіпкерлер, жұмысшы жастар, жастар қозғалысының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, мектеп пен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының, жастардың кеңесші органдарының өкілдері және бүкіл әлемнің кез келген азаматы қатыса алады.

Байқауға қатысу тегін. Үздік жұмыстарға құнды сыйлықтар мен үш дәрежелі арнаулы диплом беру көзделген. Байқаудың үш жеңімпазын (1, 2, 3 орын) Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Долинка кентінде орналасқан саяси құрбандарды еске алу музейіне апару ұйымдастырылады. Жеңмпаздардың музейге баруындағы жол жүру мен көлік шығындары ұйымдастырушы тарапынан болады. Байқау нәтижелері «Bolashaq» академиясында 2020 жылғы 31 мамырда -Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде жарияланады. Байқау нәтижелері қоғам назарына БАҚ арқылы ұсынылады.

«Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы бойынша нақты ақпараттарды «Bolashaq» академиясының сайтынан алуға болады http://kubolashak.kz/category/nauka/nauchnye-centry/istoriko-prosvetitelskij-centr-karlag/

Қатысушылар байқау жұмыстары мен өтініштерін мына көрсетілген электрондық пошта арқылы ұсынады: projectKaraganda@yandex.ru

2020 жылғы 10 сәуір – 10 мамыр аралығында «Қарлаг: тарихтан тағылым – өткенге тағзым» деп, ескертпе жазылуы керек.

Байқауды өткізу координаторлары:

– Аупенова Алия Укужановна – «Bolashaq» академиясының «Руханият» ҒЗО-ның директоры, з.ғ.м., +77052680572 (WhatsApp);

– Смолькина Татьяна Петровна – «Bolashaq» академиясының Ғылыми жұмыс және халықаралық әріптестік бойынша проректор, п.ғ.к., профессор +77017547526 (WhatsApp).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.