Педагогикалық практика бойынша конференция

2020 жылдың 30 желтоқсанында “6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші және 3-ші курс студенттері үшін педагогикалық практика бойынша онлайн – конференция өтті. Конференция Skype бағдарламасы бойынша on-line режимінде өтті.

​Іс-шараға БОПмӘ – 18-2, БОПмӘ-19-2к, БОПмӘ-19-2 тобының студенттері, практика бойынша әдіскер Қонысбаева Ж.М., Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының меңгерушісі Н. И. Храпченкова, практикаға жауапты кафедра аға оқытушысы Голомазова Е. А., аға оқытушы Арунова Ж. А. және практика жетекшісі Сарбасова К. А. қатысты.

Педагогикалық практика – кәсіби қызметке кірудің маңызды кезеңі. Бірақ эпидемиологиялық уақыт жағдайында студенттер мен мектеп оқушыларын оқыту процесі өзгеруде. Қашықтықтан оқыту форматы бүгінгі күн үшін нормаға айналды.

Конференция студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, оларға академияда алған теориялық және практикалық мектеп практикасында пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында өтті.

Конференцияда практикадан өтудің мақсаты мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді, практикадан өту кезінде болашақ мамандарға кез болуы мүмкін негізгі проблемалар талқыланды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Практика жетекшісі Сарбасова К. А.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.