2023 жылдың 12-сәуірінде сағат 13.00 – де «Мұрагер» мамандырылған мектеп лицейінде педагогикалық практикадан өтіп жатқан «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының К-20-1 тобының ұйымдастыруымен тренинг өткізілді. Тренинг педагогика саласында қазақ тілінде тұңғыш жарыққа шыққан «Педагогика» еңбегінің авторы, ақын, жазушы Мағжан Жұмабаевтың еңбегіне арналды.
Тренингте студенттер Мағжан педагогикасының мақсаты мен тәрбиелік мәніне жете көңіл бөлді. Сонымен қатар Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына тоқталып, үзінділер оқып, ой бөлісті.