“Bolashaq” Академиясында “Жемқорлыққа жол жоқ” тақырып аясында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының, әлеуметтік жәрдемдесудің және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесудің құқықтық тетіктерінің тиімділігін арттыруға, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды нығайтуға және жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеуге бағытталған.

Негізгі міндет қатысушыларға жемқорлықтың алдын алу мәселесіне өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, содан кейін жалпы пікірді тұжырымдау немесе тараптардың әртүрлі ұстанымдарын нақты ажырату.



“Bolashaq” Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы, баяндама жасап, бір қатар мәселелерге тоқталды.
Жалпы, іс-шара жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткенін атап өткен жөн.